Интерактивті атқарымдары

20 қазан, 2017

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Виктор және Лейла Храпуновтарға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

Қазіргі таңда тергеу барысында жиналған дәлелдемелер күдікті В.В. Храпуновтың әрекеттері 1996 жылғы ҚР ҚК 235-бабы (бір немесе бірнеше қылмыс жасағаны үшін ұйымдасқан топ құру және оны басқару, сондай-ақ оған қатысу), 176-бабы (сеніп тапсырылған мүлікті заңсыз иелену және ұрлау), 177-бабы (алаяқтық жасау), 193-бабы (заңсыз жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру), 307-бабы (лауазымдық өкілдігін асыра пайдалану), 311-бабы (пара алу) бойынша аса ауыр қылмыстар жасағанын анықтауға мүмкіндік берді.

Л.К.Храпунованың құқыққа қайшы әрекеттері 235-бабы (бір немесе бірнеше қылмыс жасағаны үшін ұйымдасқан топ құру және оны басқару, сондай-ақ оған қатысу), 177-бабы (алаяқтық жасау) және 193-бабына (заңсыз жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру) сәйкес келсе, ал А.К.Ілиясов 177-бабы (алаяқтық жасау) бойынша айыпталуда.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 206-бабының 1-бөлігіне сәйкес (ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі) күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы үкім шыққан күннен бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірмей жарияланады. Күдікті немесе оның қорғаушысы келмеген жағдайда, қаулы жиырма төрт сағат өткен соң жария етілуі мүмкін.

Күдікті В.В.Храпунов, Л.К.Храпунова және А.К.Ілиясовтың ҚР аумағынан тыс жерде тұруына және қатысудан жалтаруға байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі заңға сәйкес, прокурормен келісе отырып БАҚ-та олардың әрекеттерін саралау туралы хабарлама жариялайды.

Үкімнің жариялануына қатысу үшін және қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу үшін күдікті В.В.Храпунов, Л.К.Храпунова және А.К.Ілиясов 2017 жылдың 24 қазанына дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының мына мекенжайдағы әкімшілік ғимаратына келуі тиіс: ҚР, Астана қ., Сейфулиин көшесі, 37.

Тергеу жұмыстарына қатысу үшін күдікті өзімен бірге қорғаушыны алып келуге немесе органға қылмыстық істі жүргізетін (ҚР ҚПК 68-бабы) қорғаушымен қамтамасыз ету туралы өтініш беруге болады.

Егер күдіктінің немесе оның заңды өкілінің шақыруымен қорғаушы келмесе, орган қылмыстық істі жүргізетін қорғаушыны тауып береді (ҚР ҚПК 67-бабы).

Аталған мерзімде келуге бір себеп кедергі болса, сонымен бірге қорғаушының қатысуын қамтамасыз ету туралы сотқа дейінгі өндірісті жүргізетін прокурорға немесе өзге де тұлғаға өтініш жолдау керек жағдайда күдікті немесе оның заңды өкілі органға міндетті түрде ол туралы ескертуі қажет.

Еске салайық, бұдан бұрын биыл 17 қазанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Ұлттық бюросы күдікті Виктор Храпунов пен Лейла Храпунованы, А.К.Ильясовты жауап алуға шақырған еді. Алайда олар қылмыстық іспен танысу үшін Қазақстанға келген жоқ.

17 қазан, 2017

Әбілязовтың сыбайластары болып саналатын БТА Банкінің №6 Корпоративтік бизнес басқармасының бұрынғы заңгері Максим Хаблов пен Әбілязовтың бақылауындағы компаниялардың шартты жетекшісі Анар Әбдіхаимова 2017 жылы 16 қазанда Ресей Федерациясының Мәскеу қаласынан Қазақстанға өз еріктерімен келді.

Оларға Мұхтар Әбілязовтың ұйымдасқан қылмыстық тобына БТА Банкінің ақшалай қаражатын жымқыруға жәрдемдесті деген айып тағылып отыр.

Хаблов пен Әбдіхаимова ресейлік азаматтық алған және бұл оларды Қазақстанға экстрадациялауға кедергі келтіретініне қарамастан, олар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына хат жазып, Қазақстанға өз еріктерімен келуге дайын екендіктерін жеткізген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аталған жайт пен іс бойынша жиналған материалдарды ескере отырып, оларға қатысты бұрын тағайындалған бұлтартпау шараларын өзгертті. Осыдан кейін Хаблов пен Әбдіхаимова Қазақстанға келді.

Биылғы шілде және қыркүйек айларында Будапешт қаласынан Әбілязовтің кезінде Проблемалық несиелер басқармасы басшысының орынбасары болған Ержан Қадесов және БТА Банкінің №6 Корпоративтік бизнес басқарма басшысының бұрынғы орынбасары Зәуре Жүнісова Қазақстанға ерікті түрде келген еді.

Олар 2009 жылдан бері іздеуде жүрген және Қазақстанға оралған соң, бұрын тағайындалған «қамауға алу» бұлтартпау шарасы жеңілдетілді.

Қазіргі уақытта жоғарыда көрсетілген фигуранттардың қатысуымен қажетті тергеу амалдары жүріп жатыр.

Олар өз айыптарын толық мойындап, БТА ақшалай қаражаттарын миллиардтап жымқыру, бақылаудағы компанияларға заңсыз несие беру және қымбат активтерді сатып алу арқылы олардың ізін жасыру жөніндегі Әбілязов әрекеттерінің заңға қайшы екенін растады.

Олар Әбілязовтің нұсқауымен компаниялардың шартты жетекшісі болған және қажетті құжаттарға қол қойған.

Сондай-ақ, олар қылмыстық іс қозғалған соң, Банк басшысына қарсы куәлік беруді болдырмау мақсатында Әбілязовтің тапсырмасымен сыбайластары Банк қызметкерлерін және бақылаудағы компаниялардың басшыларын қорқыту және бопсалау жолымен Қазақстаннан шығаруды ұйымдастырған.

Сол себепті Әбілязовтың кезінде БТА банкте жұмыс істеген көптеген қызметкер елден кетуге мәжбүр болған. Жырақта жүргенде де қорқытып-үркітулер жалғасып, олардың Қазақстанға оралуына мүмкіндік бермеген.

Қазіргі уақытта жоғарыда аталған тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, олар тергеуге белсене көмек көрсетіп, Әбілязовтің қылмыстық тобының заңға қайшы іс-әрекеттері туралы жаңа фактілерді ашты.

13 қазан, 2017

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Алматы мен Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі В.В. Храпунов, оның зайыбы Л.К.Храпунова, А.К.Ильясовты және тағы басқа адамдарға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

Тергеу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жоғарыда аталған адамдар мен олардың сыбайластарының құқыққа қарсы әрекеттерін растайтын дәлелдерді тапты.

Жиналған материалдар аталған адамдардың әрекеттерін ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған жетекшілік ету, лауазымды қызметті асыра пайдалану, мемлекеттік мүлік пен бюджет қаражатын алаяқтық арқылы жымқыру, пара алу және оны заңдастыру ретінде айқындауға мүмкіндік берді.

ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 208-бабы 1-бөлігіне сәйкес, күдіктілер жауап алуға шақырылады.

Алайда В.В. Храпунов, Л.К.Храпунова, А.К.Ильясовтың Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерде болып, яғни жауап беруден жалтаруларына байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметы ҚР ҚПК-нің 205-бабы 3-бөлігі бойынша күдіктілерді Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жауап алуға шақыру туралы ақпаратты жариялайды.

Күдікті ретіндегі В.В. Храпунов, Л.К.Храпунова, А.К.Ильясовты 2017 жылдың 147 қазаны сағат 15:00-ге дейін Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сейфуллин көшесі 37 мекен-жайындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының әкімшілік ғимаратына Тергеу департаментінің жедел-іздестіру тобының жетекшісі Сергей Николаевич Перовке келуі керек.

Тергеу жұмыстарына қатысу үшін күдікті өзімен бірге қорғаушыны алып келуге немесе органға қылмыстық істі жүргізетін (ҚР ҚПК 68-бабы) қорғаушымен қамтамасыз ету туралы өтініш беруге болады.

Егер күдіктінің немесе оның заңды өкілінің шақыруымен қорғаушы келмесе, орган қылмыстық істі жүргізетін қорғаушыны тауып береді (ҚР ҚПК 67-бабы).

Аталған мерзімде келуге бір себеп кедергі болса, сонымен бірге қорғаушының қатысуын қамтамасыз ету туралы сотқа дейінгі өндірісті жүргізетін прокурорға немесе өзге де тұлғаға өтініш жолдау керек жағдайда күдікті немесе оның заңды өкілі органға міндетті түрде ол туралы ескертуі қажет.

ҚР ҚПК 205-бабы 3-бөлігі бойынша Виктор Храпунов пен Лейла Храпунова, сонымен бірге А.К.Ильясовты шақыру туралы мәлімет республикалық бұқаралық ақпарат құралдары мен Швейцариядағы бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланады.